Жасыл экономика мен цифрлық трансформация: саммиттің жаңа экономикалық басымдықтары

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2025

Жасыл экономика мен цифрлық жаңғыру -өңірлік дамудың жаңа бағыты. Вашингтонда өткен «С5+1» саммитінде Орталық Азия елдері мен АҚШ бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, жаңа  келісімдерге қол жеткізді.Тараптар жасыл экономика, таза энергетика, және инновациялық технологиялар салаларында бірлескен жобаларды ілгерілетуге уағдаласты. Сондай-ақ мемлекет басшысы стратегиялық пайдалы қазбаларды өңдеу мен инфрақұрылымға америкалық инвестиция тарту бағыттарында нақты келісімдерге келді.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Саммиттің де негізгі мақсаты біздің көгілдір, күңгірт экономикадан жасыл экономикаға көшу.Альтернативті экономиканы дамыту, жасыл экономика, туризм, шағын және орта бизнестегі өңдеуші сектордың дамуына американдық компанияларды әкелетін болсақ, алдағы 10-15 жылда біз толыққанды болмасақ та жалпы көміртегі басқа да шикізаттардың ЖІӨ үлесін қазіргі 60-70 пайыздан 10 пайызға түсіретін болсақ, бұл біздің алда ұстанатын стратегиялық бағытымыз болып табылады.