Қазақстандық студенттер ағылшын тілін үйрететін жаңа бағдарлама ойлап тапты

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2025

Қазақстандық студенттер ағылшын тілін үйрететін жаңа бағдарма ойлап тапты. Қосымшаны үш күн ішінде 107 елден 60 мың қолданушы жүктеген. Ал App Store платформасында ТМД елдерінің арасында бірінші орынға шықты. Жобаның негізін қалаушы студенттер Американың беделді университеттерінде білім алып жүр. Ал ең жасы Семей қаласындағы мектепте оқиды. Бүгінде жобаға 1,5 миллион доллор инвестиция тарту процесі жүріп жатыр. Стартапқа шет елдік ірі қорлар қызығушылық танытуда.

АСЫЛЖАН АЛТАЙ, "ALEEM" ҚОСЫМШАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Aleem қосымшасы бойынша жұмысты 8 ай бұрын бастадық. 8 айдың ішінде көп жұмыс атқарылды. Дәл қазір командада 10-нан астам адам бар. Біздің мақсат - әлемдегі ең мықты мұғалім, ең мықты оқулық, оқыту әдістері және тағы басқаларды телефонға тегін түрде орнату. Қазақтың балалары, шет елдің балалары ағылшын тілін сапалы үйрене алатындай платформа жасап жатырмыз.