Түркістан облысының Келес ауданында 25 мың көшет егіледі

«Тегін көшет алып, өз ағашыңды ек». Түркістан облысы Келес ауданында  күзгі ағаш егу акциясы өтті. Абай ауылында өткен шараға аудандық әкімдік қызметкерлері, өңір ардагерлері, кәсіпкерлер, тазалық қызметкерлері және еріктілер қатысты.  10-нан астам техника жұмылдырылды. Белгіленген жоспар бойынша күз мезгілінде аудан көлемінде 25 мыңнан астам тал егу жоспарланған. Ағаш көшеттері көршілес Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесіне қарасты тұқымбақтардан жеткізілуде.

ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ, КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мұндай шаралар тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігінің нақты көрінісі. Әрбір отырғызылған ағаш болашақ ұрпаққа жасалған сый. Экологиялық тепе теңдікті сақтаудың кепілі. Күзгі маусым кезінде 25 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Біз табиғатты аялау ісін бір реттік шара емес, тұрақты дәстүрге айналдыруымыз қажет.