"5 жастағы балалар ата-анасының рұқсатынсыз TikTok немесе Instagram желілеріне еркін тіркеледі"-депутат

фото: pixabay

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов  бүгін Мәжілісте балалардың әлеуметтік желілерде тіркелу жасын шектеу мәселесін көтерілді,-деп хабарлайды Astana TV. 

Депутаттың айтуынша,   5-6 жастағы балалар ата-анасының рұқсатынсыз TikTok немесе Instagram желілеріне еркін тіркеледі. 

«Қаззір Қазақстанда ТikTok  пен Instagram-ды айтсақ, бес-алты жаста, тіпті ата-анаға ескертусіз, верификациясыз тіркелуге болады. Ал басқа мемлекеттер жас шектеуіне қатысты заң қабылдап жатыр. Мысалы, Данияда, Австралияда тіркелуге рұқсат жасы – 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбритания, Ирландияда ата-ананың арнайы рұқсаты керек, верификация қажет. Ал бізде Цифрлық даму министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің осы мәселе бойынша позициясы қандай? Заң жобасы аясында біз осы норманы қарастыра аламыз ба?», - деді Аймағамбетов.

 Сондай-ақ депутат мектептерде смартфон қолдануға тыйым салу мәселесін де айтты.  

Телефон қолдануға тыйым салу оқушылардың үлгеріміне де, өзара қарым-қатынасына да оң әсер етті. Бұл мәселені Цифрлық кодекс аясында қарастыруға бола ма? – деді Аймағамбетов. 

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша,  балаларды шектеусіз дамыту мен қауіпсіз контентке қол жеткізу арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды. Ал мектептерде смартфон қолдануға тыйым салу туралы сұраққа Мун қазіргі таңда Цифрлық кодексте мұндай норма қарастырылмағанын айтты. Керісінше, министрліктің ұстанымы – жастарды заманауи технологияларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалануға үйрету, -деді ол.