Қытай ғарышкерлері Жерге қайта алмай жатыр

Фото: "Синьхуа" агенттігі

Қытай ғарышкерлері Жерге қайта алмай қалды,-деп хабарлайды Astana TV 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Шэньчжоу-20» ғарыш миссиясымен аттанған үш маман қазір орбиталық «Тяньгун» станциясында. Олар бір апта бұрын «Шэньчжоу-21» экипажына станцияны басқаруды тапсырып, жоспар бойынша Жерге оралуға тиіс еді. Бірақ орбитада төтенше жағдайға тап болған.

Кеме капсуласы ғарыш кеңістігіндегі қоқысқа соғылып, зақым келген. Экипаж мүшелері дін аман. Олар ғарышта алты айға жуық болып, ғылыми зерттеулер жүргізді. Мамандар ғарышкерлерді Жерге қайтарудың қауіпсіз жолдарын қарастырып жатыр.