Салық төлемеген азамат көлігінен айырылды

фото: pixabay

Ақтауда рейдтік іс-шара кезінде көлік салығын төлемеген қала тұрғынының көлігі айып тұрағына қойылды,- деп хабарлайды Astana TV. 

-Рейдтің басты мақсаты -көлік салығы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздары бар азаматтарды анықтау және салық түсімдерінің толық түсуін қамтамасыз ету, - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы іздестіру тобының инспекторы, полиция майоры Өмірбек Мұхамбетқалиев.

2025 жылғы 30 қазан жағдайы бойынша Ақтауда 9336 автокөлік иесі есепте тұрған, олардың жалпы қарызы 686 млн теңгеден асады.