Алдағы күндері 20 градус аяз болады

фото: pixabay

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді,-деп хабарлайды Astana TV. 

Шығыс Қазақстанда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеп, қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік өңірлерде де қар түсіп, жел күшейеді.

Солтүстік және орталық аймақтарда күн күрт өзгеріп, бұрқасын соғады, бірақ ауа температурасы қатты түспейді. Республиканың қалған өңірлерінде ауа райы айтарлықтай құбылмайды.