«Трамптың көзін құртпасақ, табиғи апаттардан көз ашпаймыз», - Калифорния штатының губернаторы

Трампты тағы сотқа берді. Бұл жолы Калифорния штатының губернаторы бас көтерді. Гевин Ньсомный айтуынша, егер АҚШ Президентіне тоқтау қоймаса, әлемде экологиялық апат көбейеді. Трамп болса, оған қарамастан мәз-мейрам. Себебі, демократтар мен республикалықтар Сенатта бюджет бойынша алғаш рет келісімге келді. Енді шығын Трамптың қалауындағыдай болуы мүмкін. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп әлемді экологиялық апаттың алдында қалдырады. Калифорния штатының губернаторы осылай деді. Гевин Ньюсом 45 баптан тұратын шағым түсірді. Енді Трамп қайтадан сот алдында жауап бермек. Осыған дейін АҚШ Президенті жасыл энергетика, көміртек бейтараптығы секілді мәселелерді «Жаһандық алаяқтық» деп мазақ еткен еді.

ГЕВИН НЬЮСОМ, КАЛИФОРНИЯ ШТАТЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ:

Мен еліміздің болашағы мен әлемнің де болашағын қатар уайымдаймын. Осыған дейін, алдыңғы Президент кезінде бастамашыл болып, АҚШ көп еңбек атқарған еді. Трамп соның барлығын жоққа шығарды. Мен оны жеке танимын. Алдыңғы мерзімінде бірге жұмыс істедік. Бірақ, қазір оған қарсы шығуға мәжбүрмін. Басқа амалым қалмады.

Сенаторлар келісімге келді. АҚШ конгрессінде шатдаунды тоқтату бойынша алғашқы дауыс беру сәтті аяқталды. Онсыз да тарихтағы ең ұзаққа созылған шатдаун осылайша жақын арада аяқталуы мүмкін.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әзірге келісімдерге еш өзгеріс енгізілмеді. Бізге қажетті демократтардың дауысы әзірге бар. Лайым солай жалғаса берсін деп тілеймін. Бастысы, есірткі сатушылар мен өзге қызметкерлерге 1,5 триллион доллар ақша берілмейді. Бұл бюджетке үлкен көмек болады. Ал, шатдаун кезінде, міндетті демалысқа кеткен барлық мемлекеттік қызметкерлерді қуана қарсы аламын. Оларға көмек көрсетуге әзірміз.

Түркиялық әскерилер отырған ұшақ Грузияда құлады. Әуе кемесі Әзербайжаннан Түркияға бет алған еді. Ұшақ ішінде болған 20 адамның барлығы қаза тапты.