Қызылордалық чемпиондар жастармен кездесті

Қызылордалық оқушылар «чемпиондық рухты» сезінде. Спортта жетістікке жетіп, әлемді мойындатқан Сыр мақтаныштарымен бірге таңғы жаттығу жасады. Шараға 100-ден аса жас қатысып, ерекше әсер алды. Бұл салауатты өмір салтын ұстануға шақыру ғана емес, өскелең ұрпаққа ерік-жігер, күш беру. Бой сергітуден кейін жиналғандар чемпиондармен «Bir tolqenda» диалог алаңында кездесіп, пікір алмасты. Қызықтырған сауалдарын жолдап, еркін әңгімелесуге мүмкіндік алды. Ол «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жобамыз әрі қарай ауқымы кеңейіп, қазіргі таңда көптеген жастар қатысып, ынталарын білдіріп жатса, жастардың барлығын біріктіріп, жаңадан салынған «Қайсар арена» стадионында өткізу жоспармызда бар. Бұл біздің жастарымызға қалай спортпен шұғылдану керек. Алға қойған мақсаттарын соңына дейін жеткізу мақсатында жастарымызға үлкен рух береді деп сенеміз.