Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Құжат аймақта баламасы жоқ -Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді, - деп түсіндірді ведомство.
Келісімге екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері - Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды.