Астанада көлік бағанға соғылып, жүргізуші қаза тапты

Фото: t.me/astanovka98/

Астанада Chery Tiggo көлігі көше жарық шамы бағанына соғылып, жүргізуші мерт болды,-деп хабарлайды Astana TV. 

- Chery Tiggo автомобилінің жүргізушісі Керей-Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рөлге ие бола алмай көше жарық шамы бағанына соғылды. Соның салдарынан автомобиль аударылып қалды, — деп  хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.