Бүгіннен бастап Бірыңғай банкаралық QR жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Алматыда Орталық Азия саммиті барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Kaspi банк бұған дейін банкаралық QR жүйесіне қосылмаған еді. Күні кеше ресми келісімге отырдық, - деді Ұлттық банк басшысы.
Енді қазақстандықтар кез келген жерде барлық банктің мобильді қосымшасымен QR-код арқылы төлем жасай алады.