Атырауда ірі қара белгісіз індетке шалдықты

Атырауда ірі қара белгісіз індетке шалдықты. Кесел қала маңындағы Кеңөзек, Дамбы, Атырау ауылдарында тіркелген. Мамандардың айтуынша, қараша айының басында тұрғындардан хабар түсіпті. Сиырдың ауыз қуысында жарақат байқалған. Ауру екі шаруашылық пен бірнеше отбасының 173 малынан анықталған. Ветеренарлар әлі нақты диагнозын қойған жоқ. Тек бұл қауіпті жұқпалы ауру емес,- деп отыр.

БЕКАРЫС МЕҢДІҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Ауырған жануарлардан  10 қан сынамасы алынып, 4  жұғынды алынып, зерттеуге жіберілді. Алдын ала деректер бойынша жануарлардың аса қауіпті жұқпалы емес.  Ауыз қуысыныің тіндері және  ауыз қуысының жарақаты себебі анықталып отыр. Қазіргі таңда таңда ауырған жануарлар тұрақты. Осы уақытқа дейін 173 бас  мал ауырған.  Олардың барлығы толықтай емделді.