Трамп BBC басшылығын сотқа береді

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2025

Бүкіл Америка бүгін мәз-мейрам. Халқынан бастап, Трампқа дейін бөріктерін аспанға атып қуанып жатыр. Тарихтағы ең ұзақ 44 күнге созылған шатдаун бүгін аяқталды. Көпшілік Трамптың үстінен сотқа шағымданатынына үйреніп қалдық. Алайда АҚШ Президенті де BBC басшылығының үстінен арыз жазды. Агенттік Трамп бүлікке адамдарды итермеледі деп сөзін өзгерткен. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Конгрессмендердің де қол шапалақтайтындай жөні бар. Бір-бірімен бюджет жобасын келісе алмай, 1 жарым ай бар күшін сарп еткен жұмыс жемісін берді. Енді барлық америкалық мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер жалақысын ала бастайды. Ең бастысы, бүкіл Үкімет жұмысы қаржыландырылады.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Аз уақытқа созылса да, біздің демократтармен арпалысымыз кішігірім қаржылық дағдарысқа алып келді. Олар тек өздерінің саяси ұпайларын ойлады. Қалай болғанда да, ол аяқталды. Енді бар жоспарларымызды жүзеге асырып, Үкімет жұмысын жандандырамыз.

Трамп әлемдегі ең танымал жаңалық агенттігі BBC үстінен сотқа шағымданатын болды. Өзінің алғашқы Президенттік мерзімінен кейін сайлауда жеңіліс тапқан АҚШ Президенті өз жақтастарын бүлікке итермелеп, Вашингтонды қиратуға шақырды деген ақпарат 2021 жылы кеңінен таралды. Алайда, АҚШ Президенті өз есімін ақтап алып, жалған ақпарат таратқан агенттікті сөздерімді өзгертті деп айыптап отыр.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әлбетте, мен олардың үстінен шағым түсіруім керек. Себебі, сол кездерде бірнеше адам қаза тапты. Ал BBC соның барлығына мені жауапты етіп қойды. Ең сорақысы, демократтар мені сол фейк видеоға сүйеніп түрмеге тықпақшы болды. Мені оларды жазасыз қалдыра алмаймын.

Израиль көршілеріне тыныштық берер емес. Газа секторымен келісімге келсе де, Палестинаға күн көрсетпеудің амалын іздеп жатыр. Бүгін Хирбет Әл-Факбит ауылындағы тұрғын үйлерді және ауыз су алып отырған жалғыз құдықтарын қиратып тастады.