Ақтөбеде облыстық және қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракцияларының бірлескен жиыны өтті. Отырыста Әйелдер қанатының жұмысы да талқыланды. Әйелдердің бастамаларын қолдау, қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылған. Партия деректеріне сүйенсек, өңірде гендерлік теңгерімге қатысты оң үрдіс бар. Әйтсе де, әлі де әйелдердің үлесін арттыру қажет. Қазір облыстық мәслихат депутаттарының 23,9 пайызы әйел, ал ауылдық округ әкімдерінің ішінде бұл көрсеткіш 6,8 пайыз.
КҮЛПАРШЫН АЙДАРХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Біздің биылғы мақсатымыз ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке үйрету және оларды ЖИ пен үйрету, онлайн сатуды үйрету, сондай үлкен-үлкен жұмыстар жасалды және біз барғанда, ауылдарға барғанда көргендеріміз оларға психологиялық көмек керек екенін көрдік. Сондықтан биыл да біздер екі аудан ға өзіміз психологтарды, облыс психологтарын апарып констультация жасадық.