Ақтау қаласында Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылды

Аса маңызды стратегиялық аймақ саналатын Каспий теңізі су ресурстын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарлама әзірлеу үшін маңындағы мемлекеттермен келісімдер жүріп жатыр. Осы арқылы теңіз деңгейі мен климаттың өзгеруі жағдайында  жәй-күйіне баға беріп, мәртебесін анықтау көзделген.  Келер жылы Орталық Азия және Каспий маңы  елдері басшыларының қатысуымен Саммит өтеді.  Ал Атырау мен Маңғыстау облыстары  4 жылдық «Жасыл хаб» өңіраралық жоспар жасап, нақты атқарылатын шараларды тізбектеп қойды.

НҰРГҮЛ ҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР  ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақтау қаласындағы Каспий теңізі ғылыми зерттеу  институты құрылған болатын. Қазіргі уақытта ол өз жұмысын бастады. Оның өкілдері осы Атырау қаласында болып барлық мемлекеттік органдадың тиісті  алдағы  уақытта атқарылатын шаралар бойынша жұмыс  жұмыс жоспарларымен танысып,  ұсыныстар жинақтау үстінде.  Біздің әкімдік тарапынан да ұсыныстарымыз берілді.