Алматыда «Таза Қазақстан» жобасы аясында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жыл басынан бері қалада 70-тен астам экологиялық шара ұйымдастырылған. Бұл жолы Жетісу ауданында қала жастары үшін шығармашылық Эко-хабта танымдық экскурсия өтті. Қатысушылар қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу тәсілдерімен танысып, экологиялық өнімдер мен жасыл технологиялар туралы ақпарат алды. Сондай-ақ, экотақырыптағы шеберлік сабақтарына қатысты.
АСЫЛБЕК САТАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жастардың қазіргі қоғамда түрлі экологияға байланысты сауаттылығын арттыру деп айтып жатырмын, осы тұрмыстық қалдықтарды қалай пайдалану және оны қалай өңдеу мәселесіне тікелей байланысты. Мына қоқыс жәшіктеріне қалай дұрыс тастау, осыған сай ұйымдастырылып отыр.
Ал Тараздағы "Таза бейсенбі" «Ұлы дала» шағын ауданында жалғасты. Партия белсенділері шаһар шетіндегі жаңа үйлер түсетін жер телімдері мен жол жиегіне тасталған тұрмыстық қалдықтарды жинады. Арық-атызды тазартты.
ДАУЫЛ БЕЙСЕНҚҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Тұрғындардың тазалыққа деген құштарлығы өз деңгейінде деп айта алмаймыз. Сондықтан барша тұрғындарды осы экологиялық мәдениетті сақтауға, қоршаған ортаны сақтауға белсене атсалысуға шақырамыз.