Ыстанбұл мэрі 2300 жылға сотталуы мүмкін,-деп хабарлайды Astana TV Қазақстан Телернасына сілтеме жасап.
Биыл наурызда қамауға алынған Ыстанбұл қаласының мэрі Екрем Имамоғлының тергеуі аяқталды. Төрт мың беттік тергеу материалдарында мэр мен оның сыбайластарының жемқорлық әрекеттері, тендер өткізу кезіндегі заңсыздықтары мен ірі көлемде алаяқтық жасағаны туралы мәліметтер бар. Бұл – Түркия тарихындағы ең ірі қылмыстық іс.
Тергеу амалдары кезінде 402 адам күдікті деп танылып, олардың 102-сі қамауға алынған. Олар мемлекет қазынасына 160 млрд лира, яғни 4 млрд долларға жақын шығын келтірді деп айыпталды.
Ыстанбұл қалалық прокуратурасы қала мэріне қылмыстық топ құрды, мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірді деген айыптар тағып, оны 2 мың 352 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Екрем Имамоғлы - 2019 жылғы сайлауда Ыстанбұл мэрі болып сайланған елдегі ең ірі оппозициялық партияның өкілі.