Жердің магнит өрісінің бұзылуы қазіргі уақытта бес деңгейлі шкала бойынша G2 деңгейінде тұр. Бұл туралы Е.К.Федоров атындағы Қолданбалы геофизика институты мәлімдеді.
12 қараша күні Күн астрономиясының зертханасы XRAS планеталық ауқымдағы қуатты магнит дауылы басталып, ол ең жоғары G5 деңгейіне жетіп қалды. Бұл- соңғы күндердегі күн жарқылының экстремалды белсенділігінің аясында Жерге үш плазмалы бұлттардың келуіне байланысты қалыптасып отырған жағдай.
- Үзіліп келіп жатқан мәліметтерден Жер айналасында ерекше жоғары тығыздық пен плазма температурасы тіркеліп жатқанын түсінуге болады және олар әдеттегі температурадан он есе жоғары, - делінген мәлімдемеде.