Астанада ойын-сауық мекемесінде "Көңілді газды" еркін таратқан

Астанада ойын-сауық мекемелерінің бірінде қажетті лицензиясыз келушілерге «Көңілді газды» еркін таратқан,- деп хабарлайды Astana TV.  Мұны елордалық прокуратура органдары есірткінің таралуы мен қолданылуының алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру шеңберінде анықтады.

Азот оксиді есірткі емес, бірақ ол адам өмірі мен денсаулығына зиянды күшті әсер ететін заттарға жатады. Көбінесе бұл затты қолдану арқылы азаматтар есірткіні қолдануға қадам жасайды. Азот оксидін сату үшін тиісті лицензия қажет. 

“Нәтижесінде аталған мекеменің меншік иесі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 426-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналым саласын бұзу). Азот оксидін заңсыз таратушыға мекеме қызметін бір айға тоқтата отырып, 200 АЕК айыппұл салынды.3 баллон азот оксиді жойылды. Есірткі және күшті әсер ететін заттарды заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу тұрақты негізде жалғасады”-деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.