"Көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған": Қазақстанда 138 жалған банкнота анықталды

фото: wikipedia

Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер биыл 138 жалған төлем құралын анықтады,-деп хабарлайды Astana TV

Қолдан жасалған ақшаның жалпы сомасы- 690 мың теңге. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.

5 000 теңгелік банкноталар – ең көп анықталған, сондай-ақ,10 000 және 2 000 теңгелік жалған ақшалар тіркелген.