Ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік наградамен марапатталды

Бір адам – «Парасат» орденінің кавалері, саланың 6 өкілі «Құрмет» орденінің иегері атанды. II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 1 азамат, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 10 адам, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 6 еңбеккер марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ бүгінгі іс-шарада «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ауыл шаруашылығы саласында озат атанған төрт азаматқа алғаш рет тапсырылды.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:

«Парасат» орденімен

Дүйсенбаев Серік Әбішұлы – еңбек ардагері, Қызылорда қаласы

Чемоданов Александр Фёдорович – «Құмқұдық» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы;

«Құрмет» орденімен

Әбдібаев Нұрмахан Махаматжанұлы – «Қарқын 2030» ЖШС директоры, Түркістан облысының Сарыағаш ауданы

Городова Валентина Васильевна – «Белағаш» ЖШС сауыншысы, Ақмола облысының Жақсы ауданы

Мамырханов Бекзат Айдарұлы – «MG» ШҚ балықшысы, Алматы облысының Талғар ауданы

Наурызғалиев Қайыржан Мақсотұлы – «Терра Ақжайық» ЖШС басшысы, Орал қаласы

Нысанов Мұратбек Мадиярұлы – «Ali-Ko Sut 2023» ЖШС директоры, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

Оспанов Бахтияр Сұлтанбекұлы – «Қазақстанның дәнді дақылдар консорциумы» ЖШС бас директоры, Астана қаласы;

ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Қойшыбаев Мырзатай – «Нақхан» ШҚ басшысы, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Абдуллин Манарбек Мүбаракұлы – «Верх-Катунь» ЖШС бас зоотехнигі, Өскемен қаласы

Ахметов Бердияр Ділдәұлы – «Талас 2020» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының механизаторы, Жамбыл облысының Талас ауданы

Балашова Людмила Николаевна – «Арай East food» ЖШС бас технологы, Семей қаласы

Бердиева Нұртаза Табылдықызы – «Шоқпартоғай» ауыл шаруашылық кооперативінің сауыншысы, Атырау облысының Жылыой ауданы

Кисель Александр Петрович – «Абиль» ШҚ бас агрономы, Қостанай облысының Қостанай ауданы

Қамизанов Жасқайрат Кисимелұлы – табыншы, Жетісу облысының Алакөл ауданы

Қожаханов Асаутай Сағынбайұлы – «Жараспай» ЖШС бригадирі, Қарағанды облысының Нұра ауданы

Рапеков Бауыржан Ахмадиұлы – «Ахмадиұлы» ШҚ басшысы, Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданы

Сәдуақасов Тұрсынбай Бағытбайұлы – «Үйкескен» ЖШС директоры, Қостанай қаласы

Скугарев Евгений Игоревич – «Скугаревых» ШҚ механизаторы, Павлодар облысының Павлодар ауданы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Аманжолов Нұрбол Орынбасарұлы – «Жомарт» ШҚ шопаны, Түркістан облысының Төле би ауданы

Әбдіраманова Гүлнәр Ұзақбайқызы – «Sharkul food» ЖШС сауыншысы, Түркістан облысының Сарыағаш ауданы

Буракова Ольга Владимировна – «Мак-Мастер Николаевский мясокомбинат» ЖШС бас технологы, Астана қаласы

Біләлов Диас Әбжанұлы – «Алмаз-Агро фирмасы» ЖШС комбайншысы, Ақмола облысының Астрахан ауданы

Есқалиева Роза Шарапиқызы – «Одақ ЛТД» ЖШС өндірістік лаборанты, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы

Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы – «Айас» ШҚ басшысы, Жезқазған қаласы;

«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берлісін

Абатов Алтынбек – «Көксу қант зауыты» ЖШС директоры, Жетісу облысының Көксу ауданы

Габдулхаков Фаниль Рифкатович – «Новосельское» ЖШС бас агрономы, Ақмола облысының Атбасар ауданы

Малаев Серік Тәтібайұлы – «Ақселеу» ЖШС басшысы, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

Сейітқалиев Тұрар Шамғонұлы – «Мөлдір» ШҚ малшысы, Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.