Жүк көлігінің жүргізушісі мас күйде көлік жүргізген. Қостанайда жол сақшылары қайғылы жағдайдың алдын алды. Полицейлер Алматы–Екатеринбург автожолында шайқалып келе жатқан жүк көлікті байқап қалған. Инспекторлар фураны тоқтатпақ болғанда, жүргізуші қашуға тырысып, жүк көлік жол жиегіндегі балшыққа батқан.30 тонна тұрмыстық техника тиеген көлік Ресейге бағыт алған көрінеді.
ЕЛУБАЙ АХМЕТБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ РОТАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде мас екенін көрсетті. Енді жүргізушіге 15 тәулікке әкімшілік қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылуда.