Мас күйде көлік жүргізген 21 мыңнан астам адам ұсталды

Жыл басынан бері полиция 21 мыңнан астам мас жүргізушіні ұстаған. 25 мыңнан астам адам көлік жүргізу құқығынан айырылды. 21 мың адам қамауға алынған. Жол апатынан 2 мыңға жуық адам қаза тапқан. Бұл жай сан емес, алаңдатарлық жағдай. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов қайғылы оқиғаға жүргізушілердің қарапайым ережелерді сақтамауы себеп дейді.

ҒАЛЫМ САРҒҰЛОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жол апаттарының негізгі себептері өзгеріссіз қалып отыр, ол жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығып кету, мас күйінде көлік жүргізу және жаяу жүргіншілердің жолды төтесінен кесіп өтуі. Тек жылдамдық режимін бұзу салдарынан 406 адам, қарсы жолаққа шығу себебінен 400 адам, ал жолды рұқсат етілмеген жерден өткен 67 адам қаза тапты.