Алматыда М. Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағартушы, қоғам қайраткері, ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалаушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай конференция ұйымдастырылды. Іс-шараны  оқу орны «AMANAT» партиясы, Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығымен бірлесіп ұйымдастырған. Басқосу барысында Міржақып Дулатұлының ағартушылық мұрасы мен саяси-ағартушылық қызметі жан-жақты талқыланып, деректі фильм ұсынылды. Ғылыми және шығармашылық бағыттағы баяндамалар оқылып, тұлғаның ұлттық мәдениет пен білім саласындағы рөлі ерекше атап өтілді.

АЙЖАН АЛДАНҒОРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде қоғамдық ұйымдар да бар. «AMANAT» партиясының адамдары және өнер қайраткерлері режиссерлер киномотографистер алдағы уақытта осы алаш қайраткерлеріне байланысты фильмдер түсіріледі. Кітаптар шығарылады. Біз өзіміздің терминология саласында да осындай жұмыстарды бірлесіп атқарамыз.