Қызылжарда “Менің елім-менің тілім” жобасының үшінші маусымы басталды

Қызылжарда “Менің елім-менің тілім” жобасының үшінші маусымы басталды. АМАNАТ партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Әр аймақта тегін курстар ашылып, тіл білуге ниетті азаматтар қабылданып жатыр. Игі бастамаға мұрындық болған белгілі блогер Яков Федоровтың айтуынша, курс қатысушылары үшін жасқа байланысты шектеу жоқ. Тыңдаушылардың арасында 7-8 жасар бала да, зейнеткерлер де бар, дейді. Айта кету керек, осы уақытқа дейін ел бойынша 5 мың адам аталған жобаға қатысып, қазақ тілін меңгерген.

ЯКОВ ФЕДОРОВ, “СӨЙЛЕ” КЛУБЫНЫҢ БРЕНД-АМБАССАДОРЫ:

Біздің клубымызда біз тек қазақ тілін емес, қазақ мәдениетін де көрсетеміз. Біздің қатысушыларымыз мысал ретінде музейлерге барады, театр қойылымдарына. Және міндетті түрде осындай Петропавл қаласында бар күшті жерлерге апаруымыз керек.