Танымал пианист Бозжырада әлемдік туындыны орындады

Әлемдік әуен Бозжырада әуеледі.Сахнада Ратович деген лақап атпен танылған пианист Темірлан Бейсенбай мен тревел-блогер Әділет Рахметолла жаңа бейнежобаны ұсынды. Түсірілім елдің ең көрікті табиғи нысандарының бірі — Бозжыра шатқалында өткен. Шығармашылық бастама Қазақстан табиғатының сұлулығын насихаттауға, ел ішінде саяхаттауға шақыруға және қоршаған ортаға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бұл ролик қазірдің өзінде желідегілері тәнті етіп үлгерген.