Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі Александр Данилов «AMANAT» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

Бүгін партия Төрағасы Ерлан Қошановтың Қаулысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы лауазымына Александр Данилов тағайындалды.

Александр Данилов – Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі, саясаттанушы.

Еңбек жолын қоғамдық сектордан бастап, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымдарында және талдау орталықтарында басшы болды. Ол бірқатар медиа жобалардың жетекшісі, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымында еңбек етті.