Алматылық ұстаздар жасанды зердені меңгеруге кірісті. Мұндай тың технология мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек. «Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі ретінде» деп аталатын тегін курс AMANAT партиясының «Цифрлық қоғам» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Үш кезеңнен тұратын жобаға барлық мектеп мұғалімдері қатысады. Екінші кезеңде олардың 400-і өз идеясын таныстырады. Ал ең үздік деп танылған 20 педагог Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтуге жолдама алады. Мақсат - жасанды интеллектіні тиімді пайдалану. Мамандар бұл бастаманың білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңіне айналарына сенімді.
АЙБЕК ҚУАТБАЙ, DARYN.ONLINE КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Біз жасанды интеллектіні мұғалімді ауыстыру үшін емес, педагогтың көмекшісі ретінде қолдануға шақырамыз. Бұл жобада мұғалімдер өздерінің апта сайын құртатын 40 сағатының 20 сағатын өздерінің жұмыстарына құртады. Сол курсты оқу арқылы, инструменттерді пайдалану арқылы мұғалімдер 20 сағатын одан әрі қысқарта алатын еді. Бос қалған уақытын мұғалімдер өздерінің дамуына, жеке шығармашылық жұмыстарына жұмсауға мүмкіндік алатын еді.