Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздің ақпаратына сәйкес алаяқтар адамдарға Apple атынан табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишингтік сілтемені қоса тіркей отырып жолдайды, осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды.
Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл алаяқтар iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.
Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:
- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеу керек;
- жоғалған құрылғының құлыптау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электрондық поштаның мекенжайын пайдалану керек;
- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғау керек;
- құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеру керек.