Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары Ислам өркениеті орталығына келді

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиёев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды.

Президенттерге орталық ислам өркениетінің бір бөлшегі саналатын Өзбекстанның бай мәдени-рухани мұрасын терең зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғаны жөнінде баяндалды.

Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны. Ал оның жан-жағында Құран сүрелерінің санына сәйкес 114 ежелгі кітап қойылады.