Абай облысында патрульдік полицейлер жүргізушіні құтқарып қалды

Семей – Павлодар тасжолында патрульдік полиция жүк көлігінің сенімсіз қозғалып келе жатқанын байқап, жүргізушіні тоқтатты. 
Жүк көлігінің жүргізушісі өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтып, бірнеше секундтан кейін есінен танып қалған. Полицейлер дереу жүрек-өкпе реанимациясын жасап, оның жүрек соғысын қалпына келтірді. Сақшылар жедел жәрдемді күтпей, науқасты алып, Семейге қарай бірден жол тартты.

Қала шекарасында полицейлер жүргізушіні жедел жәрдемге тапсырды. Дәрігерлер азаматтың инсульт алғанын растады.

Осылайша полиция қызметкерлері Азамат Балғабаев, Жақсылық Қожагұлов және Жасұлан Сарбасовтың қырағылығының арқасында жүргізуші аман қалды.