Полиция такси жүргізушілерді тексеріп жатыр

Фото: pixabay

Павлодарда  екі күнде жол қозғалысы ережесін бұзған 282 дерек тіркелсе, соның 58-і тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзған,-деп хабарлайды Astana TV.

Өңірде«Тасымалдаушы» жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр.

- 58 тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзса, тағы 20 жүргізуші көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаған. Ал 2 такси жүргізушісі салонда жолаушылар отырғанына қарамастан ереже бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.