Tabigat Labs Fest «Таза Қазақстан» бастамасын қолдайды

 Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) қала тұрғындарына арналған Tabiğat Labs Fest фестивалі өтті.
Фестиваль экологиялық бастамаларды, шығармашылықты және қала мәдениетін біріктіріп, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экология мен тұрақты қалалық дамудың идеяларын ілгерілетуге бағытталды.