Бүгін Атырау облысы Доссор кентіндегі автожанармай құю станциясының аумағында автобус өртенді,- деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға туралы дабыл 112 пультіне келіп түсті, тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алдын алды.
Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.