Астанада Есіл өзенінде және Ботаникалық бақта суқоймадағы мұздың қалыңдығы қазір 2 см ғана, кей жерлерде тіпті қатпаған. Бұл қалыңдық адам салмағын көтеруге жеткіліксіз,-деп хабарлайды Astana TV.
ТЖМ мұздың қалыңдығына көз жеткізбей оған шығуға болмайтынын, балаларды ешқашан бақылаусыз мұз үстіне жібермеу қажеттігін ескертті.
"Қатпаған мұздың үстіне шығу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412 бабы бойынша шара қолданылатынын хабарлаймыз!”,-делінген хабарламада.