Үш бала мұз астына түсіп кетті

фото: pixabay

 Ақмола облысында әлі толық қатпаған Қылшақты өзенінде ойнап жүрген үш бала суға құлап кетті,-деп хабарлайды Astana TV.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған. Тоғыз, сегіз және жеті жастағы балалар жұқа мұзда ойнап суға түсіп кеткен.

-Оқиғаның алдын алу куәгердің жедел әрекеттерінің арқасында мүмкін болды. Ол жағдайды байқап, балаларды шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Орта деңгейлі үсік белгілері бар зардап шеккендер көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қажетті медициналық шаралардан кейін балалар амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді, - деп хабарлады өңірлік ТЖД-ның ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

ТЖД қызметкерлері қазір оларды құтқарған азаматты іздеп жатыр. Оны мемлекеттік наградаға ұсынбақ.