"Әйелімнің чемоданында бомба бар": Ер адам 119 жолаушысы бар рейсті тоқтатты

фото: pixabay

Ер адам әйелінің жүгінде бомба бар деп мәлімдеп, 119 жолаушысы бар рейсті тоқтатты,- деп хабарлайды Astana TV BAQ.KZ -қа сілтеме жасап.

The New York Post  ақпаратынша АҚШ-та United Airlines авиакомпаниясының бір жолаушысы әйелінің жүгінде бомба бар деп мәлімдеп, рейсті тоқтатқан.

Анықталғандай, оқиға 16 қарашада Далластан Чикагоға ұшып бара жатқан лайнер бортында болған. Ер адамның мәлімдемесіннен кейін ұшақ қауіпсіздік мақсатында Сент-Луиске шұғыл қонған.Содан кейін ұшақтағы барлық 119 жолаушы жедел түрде эвакуацияланып, күту залына жеткізілді.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ер адам қамауға алынған. 

Жарылғыш заттарды анықтау жөніндегі топ мамандары әуе кемесін екі сағаттан астам уақыт тексерген. Тексеруден кейін ұшақ Сент-Луистен қайта ұшып шығып, Чикагода сәтті қонды, - деп жазады басылым.