Жекеменшік мектептердегі заң бұзушылықтар анықталды

Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыру және жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібін реттеу мәселесін талқылады. Министрліктердің дерегінше, цифрландырудың арқасында «сұр схемалар» анықталып, бюджетке биыл 300 миллиардқа жуық қаржы қайтарылған. Тексеру кезінде кей жекеменшік мектептердің кірісті жасырып, кейбірі мекеме түрін тойхана немесе сауда нысаны ретінде көрсеткен. Кейбірінде оқушы саны да бірнеше есе артығымен көрсетілген. Қараша айында іске қосылған OrtaBilim ақпараттық жүйесі білім беру саласындағы деректерді автоматты бақылауға мүмкіндік береді. Келер жылдан бастап жекеменшік мектептерді қаржыландыру осы жүйе арқылы жүргізілмек.