Атырау облысында мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын насихаттау мақсатында құрылған арнайы ведомостолық жұмыс тобы Құрманғазы ауданы халқымен кездесті. Мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдары қатысқан жиында айтылған өтініштер мен ұсыныстардың бір де бірі қараусыз қалмайды,- дейді облыстық прокуратура өкілдері.
Жуырда ғана тағайындалған аймақ прокуроры шекарадағы аудан проблемасын әбден зерттеп келген. Күрделі криминалдық ахуалды да, ауыз су, жол құрылысы жобаларының да олқылығын өзі бастап айтты. Уақытылы аяқталмаған құрылысқа мердігер ғана емес, тапсырыс берушінің немқұрайлығы себеп,- деді.
МАДИЯР БАСШЫБАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ:
Былтыр 200ден астам мүйізді ірі қара және түйе малының өлімі тіркелді. Биылдың өзінде бұл тенденция жалғасуда. Шаруа қожалықтары малды нақты қандай аурудан өлгендігін анықтап беру жөнінде қайта-қайта арыздануда.
Аудан халқы ерекше белсенділік танытып, кезек-кезек сұрақтарын жаудырды. Жеке адамның жайын күйттеген емес, ауылға ортақ мәселелерді қозғады.
ТӨРЕМҰРАТ МЕЙІРБОЛАТҰЛЫ, БӨКЕЙХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көптеген мәселелер, білім саласында, әкімдік саласында, ЖКХ саласында сол мәселелердің бәрін қозғап айттық Айту бойынша, жақсы бір шешімге келеміз,- деп ойлаймын. Тобықтай бір шешімі болатын шығар деп ойлаймыз.
ӘДІЛЕТ НҰРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ:
Бұл кездесуің өзіндік бір ерекшеліктері бар. Кездесуден кейін әрбір көтерілген мәселе бойынша жол картасы жасалатын болады. Жол картасына кейін облыс әкімі және облыс прокуроры бекітіп, олар түбегейлі шешімін тапқанша біздің бақылауымызда болады.
Жиыннан соң мемлекеттік мекеме мен құқық қорғау саласы мамандары жеке қабылдау өткізді. Аудан жұртшылығын әлеуметтік мәселелер мен жер, тұрғын үй сұрақтары мазалайды. Олардың барлығы жол картасына енгізілмек.