Тұрғындарға тегін кеңес берді

Астананың ірі сауда орталықтарының бірінде тегін құқықтық кеңес берілді. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шараны қалалық прокуратура Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған. Онда тұрғындар баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызмет салаларына қатысты мәселелерді қозғады.

Сауда орталығында тұрғындар үшін бұл жолы тауарлар ғана емес, құқықтық кеңес алу мүмкіндігі де туды. Оның үстіне бұл қызмет түрі тегін ұсынылды. Қаз-қатар тізілген үстелдің әрқайсысында әр саланың маманы отырды.

МИРАС АБДРАХМАН, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Президенттің бастамасымен іске асырылып жатқан «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы бүгінгі іс-шарада қалалық прокуратура мен департаменттердің, елорда әкімдігінің басқармалары мен құрылымдық бөлімдерінің басшылары, жауапты мамандары тұрғындарға заңдар мен құқықтық нормаларды түсіндіріп, консультация беріп жатыр.

Мамандардың бірнеше бағыт бойынша бір мезетте кеңес беруі тұрғындарға ыңғайлы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараларға келушілер саны жылдан жылға артып келеді.

ӘЙГЕРІМ ӨМІРЗАҚ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Бұл жерде азаматтар өзінің кез-келген сұрағына жауап ала алады.  Бірнеше мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып отыр. 20 шақты. Жалпы бір ТРЦ бойынша мысалға соңғы өткізген кезде 800-ге жуық адам келді.

Іс-шараға келген қала тұрғындары да бастаманың тиімділігін атап өтті. Студент Қарақат Қожамқұл мамандардан кәсіби бағдар мен жұмысқа орналасу жайлы пайдалы мәлімет алғанын айтты.

ҚАРАҚАТ ҚОЖАМҚҰЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Университет бітіргеннен кейін жастарға қандай жерде жұмыс істеген ыңғайлы болады, өай жерде жеңіл өтеді және де практикам қалай болады соны сұрастыруға келдім. Маған жауаптары қатты ұнады, нақтылап бәрін түсіндіріп берді. Осындай іс-шаралардың өткізіліп тұрғаны өте жақсы. Себебі, өзінің құқықтарын білмейтін адамдар, соны нақтылап білсе болады.

«Құқықтық дәріхана» алдағы уақытта да жалғасын тауып, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге тиімді құрал болмақ.