Ақтаудағы жаңа өрт сөндіру депо құрылысының 95 проценті аяқталды

Ақтауда жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталуға жақын. Нысан биыл жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Стратегиялық маңызы бар нысанның құрылысын «АМАNАТ» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы бақылап отыр. Қосымша өрт сөндіру депосын салу партия мүшелерінің қолдауымен мүмкін болды. Бұл Нысан AMANAT партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталды. Нысан осы жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі. Партия мүшелерінің айтуынша, осындай нысандар өңірдің бірнеше ауданында салынатын болады.

НҰРИ ТУМЫШЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Берілген уәде орындалып жатыр. Біз осыдан бір жарты жыл бұрын келіп, осы жаңадан басталып жатқан уақытта осы нысанды келіп қарап кеткенбіз. Мінекей  бүгінгі күні тағы да келіп қарап тұрмыз. Өзіміз де көз жеткіздік 95 пайызға дейін аяқталып тұр екен.