«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Экологиялық тазалық пен рухани тазалық үндестігі» тақырыбында лекция өтті

Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Экологиялық тазалық пен рухани тазалық үндестігі» тақырыбында лекция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын, табиғатты қорғаудың рухани құндылықтармен байланысын және жастар арасында экологиялық сананы дамыту жолдарын кеңінен түсіндірілді.

Лекция барысында экожүйені сақтау, тұрмыстық қалдықтарды азайту, жасыл өмір салтын қалыптастыру және тұрмыста экологияға зиян келтірмейтін әдеттерді енгізу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің әр азаматтың саналы таңдауынан басталатыны ерекше атап өтілді.

Іс-шараға 100-ден астам студент қатысып, белсенді түрде талқылауға атсалысты.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жыл басынан бері аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен елордалық жастардың қатысуымен түрлі танымдық және экологиялық іс-шаралар белсенді түрде өткізіліп келеді.