«Жомарт жан» орталығы 35 мың адамға көмек көрсетті

Биыл «Жомарт жан» орталығы құны 304 млн теңгеден асатын 476 жобаны іске асырып, 35 мыңнан астам адамға көмектескен. Ал “Мектепке жол" аясында 12 мың оқушыға мектеп формасы мен құралдары табысталған. Бұл жөнінде Астанада өткен республикалық "Қайырымдылық керуені" форумында айтылды. Шарада Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы аясындағы қайырымдылық жұмыстары қорытындыланып, еліміздің барлық өңірінен келген меценаттар «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.

ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Еліміздегі қоғамның арасындағы, халқымыздың арасындағы барынша гуманизмді дамытуға қатысты бұл, әрине бір-біріне мерейлі болуы, қайырымдылықтың одан сайын ары қарай жаңғыруы.  Бұл бір реттік қана акция емес, "Қайырымдылық керуені" бізде жылдан жылға өтіп тұрады және де одан бөлек біздің жастарымыз да сахнаға шығып, өздерінің өнерін паш етеді.