Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі Александр Данилов «AMANAT» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол еңбек жолын қоғамдық сектордан бастаған. Әр жылдары жастар қоғамдық ұйымдарында және талдау орталықтарында басшы болған. Бірқатар медиа жобалардың жетекшісі, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымында еңбек еткен.