«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мәдени нысандар айналасы тазартылды

Елордада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Бұл жолы тазалық шарасына қатысушылар  мәдени нысандардың айналасын тазартып, ретке келтірді. Мұндай жұмыла бітіретін шаруа  тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс дейді олар.

АЙТҚАЛИ ЖАЙЫМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Қаламыз да, даламыз да таза болуы керек. Сол үшін мынау Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік филармония ұжымы біз осы ай сайын осы акцияны өткізіп тұрамыз. Өзіміздің айналамызды, филармонияның айналасындағы көшелерді әрқашан тазалап жүреміз, таза ұстаймыз.