Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты

Бүгін Батыс Қазақстан облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды. Тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлайды Astana TV.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға «Чапай – Жаңақала – Сайқын» облыстық маңызы бар автожолдың 50-шақырымында болған.

Toyota Camry және Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, бір көлік өртенген. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.

Төрт науқас Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген, жағдайы орташа деңгейде ауыр. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен.
 

«Ауа райы және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық болған. Көрініс жақсы, қозғалысқа кедергі болмаған», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.