Жетісу облысында кәмелетке толмағандар 33 қылмыс жасаған

Жетісу облысында биыл кәмелетке толмағандар 33 қылмыс жасаған. Оның 10ы-ұрлық.  Сонымен қатар, жасөспірімдер тарапынан  7 бұзақылық және 2 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі тіркелген. Полицияның мәліметінше, бұл былтырға қарағанда төмен. Себебі, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  

ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жасөспірімдер қылмысын алдын алу мақсатында  ювеналдық полиция  мен білім беру ұйымдары бірлесіп, 2800 рейд жүргізді. Түнгі уақытта заңды өкілсіз жүру, ата-аналардың міндетін  орындамауы, мас болу сияқты фактілер.