12 адамның қазасы: Өрт болған үйдің шатыры опырылып түскен

Фото: pixabay

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. Оның сөзіннше, өрт болған үйде екі отбасы, ата-аналары мен балалары тұрған. 

— Түркістан облысы Жетісу ауданы Алғабас ауылында өрт салдарынан 9 бала қаза болды. Аталған үйде екі отбасы, ата-аналары мен балалары тұрған. Үйден өрт шығып, шатыры опырылып түскен. Өңірлік уәкіл Психологиялық қолдау орталығы мамандарымен бірге оқиға орнына шықты. Өрттің шығу себебі мен мән-жайы тергеліп жатыр. Қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамыз, — деп жазды Зәкиева.