Түркістан облысында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Оның тоғызы бала. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Өңірдегі тілшіміз Айзада Төребекқызы оқиға болған ауылға барды.
АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Оқыс жағдай мына менің артымдағы қос қабатты үйде болған. Тілсіз жау таңғы сағат бестер шамасында тұтанған. Қазір оқиға орнында анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Алғабас ауылының тұрғыны Ханымай Жүнісова өртенген үйдің қарсы бетінде тұрады. Жанұшыра көмек сұраған дауысты таңғы бестен өте естігенін айтады.
ХАНЫМАЙ ЖҮНІСОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Ана келіншек айқайлаған кезде үйіме келді ғой, арттағы спальныйыма бақырған дауыс. Адамның жаны тәтті ғой... Сонан кейін мен жүгіріп шықтым. Жүгіріп шығып едім «әпше» деді, мені жәрдем беріңізші... шыға алмай жатырмыз...» деді.Өртеніп жатыр деді.Сөйтіп қарасам ойбууй қып-қызыл от екен ғой дедім. Ойбай , қай жақа барам мына жақа барам... Қып-қызыл от боп жатыр жатыр екен брақ. Ен көрдім соны . Қып-қызыл отттың ішінен ешкімді шығара алмады.
ҚАЙЫРБЕРГЕН БОЖЫМБЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Дым қалмаған. Іште ешкім жоқ адамнан, бірақ іштің барлығы жанып кеткен. Көрінетін ешнәрсе жоқ, барлығы жанған 100 пайыз.
Ауыл азаматтарының айтуынша, бұл отбасының мұнда қоныстанғанына небәрі үш жылдай болыпты. Бірер күн бұрын бауырлары той жасап, кеше көрші ауылда тұратын жеңгесі баларымен қонып қалған көрінеді. Қаза тапқандардың екеуі үй иесі. Ерлі-зайыптылардың бес баласы да көз жұмды. Тағы бір отбасының төрт баласы қайтыс болды. Оқиға орнынан ес-түсін жоғалтқан үш адам ауруханаға жеткізілді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСАРМАСЫ:
Медициналық мекемелерге үш адам жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында. Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді.
Аман қалған үш адамның біреуі үй иесінің анасы. Бүгін марқұмдардың денелері жер қойнына тапсырылды. Ал тілсіз жаудың нақты неден шыққаны әзірге анықталып жатыр.
ЗҰЛПЫХАР ЖОЛДАСОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Өрт қауіпсіздік қазір бізде сол жерде эксперттер жұмыс істеп жатыр. Оны анықтап көрсетеді. Бірақ газ өзінің қазандықтары сыртта орналасқан екен. Газбен қатысты болмаған сияқты. Бірақ негізі специалистер анықтайды. Бүкіл қандай шығындарын бәрін көтеретін боламыз. Үйге қатысты ... үй бәрі өртенген, оған да біз өзіміз толық қарастыратын боламыз.
Айта кетейік, осы жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, қазір тергеу жұмыстары басталып кетті.